1-жаттығу - Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар. - Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар. Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 2- жаттығу - Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар. Көздеріңді талдырмаңдар. - Алысқа қадалып қараңдар. 3-жаттығу - Бастарыңды бұрмай,оңға қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер. - Алысқа қадалып қараңдар. 4- жаттығу - Бастарыңды бұрмай,солға қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер. - Алысқа қадалып қараңдар. 5-жаттығу - Бастарыңды көтермей, жоғары қарап, көздерің түскен нүктені белгіли еңдер. - Алысқа қадалып қараңдар. 6-жаттығу - Бастарыңды көтермей, төмен қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер. - Алысқа қадалып қараңдар. 7-жаттығу - Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.